Вторник, 22.07.2025, 13:21
Приветствую Вас Гость
Главная

Регистрация

Вход

RSS

Каталог статей


Главная » Статьи » KHAN

Бақытты Болсаң Болғаны

Бақытты Болсаң Болғаны

Орындаушылар: KhAN (D.Ark .Han) & ErA

Darkhan.ucoz.com

 

Се-ні сүй-ем!!!

Осы айтқан сөздерім арналады тек саған,

Қалай бәрі басталғанын, өткен күннің барлығын,

Жүрегімнің бар мұңын айтып берем мен саған.

Қалай танысқанымыз  бәлкім болар есіңде...

Кездесуге сол күні шақырып ем несіне...

Келуіңді өтініп,

Болған іске өкініп,

Мен не үшін ойланам,

Мен сенімен тек қана дос болам деп ойлағам.

Одан кейін сүйдім сені қызым болдың сен менің,

Онда бірақ жігітің боп жүр едім ғой мен сенің.

Сөйтіп жүріп сен бір күні көшіп кеттің қаладан,

Кейін мені ұмыттың ғой өмір бастап жаңадан.

Алі күнге есімде, қоштасуға барғаным,

Поезд жүріп кетіпті ғой, мен үлгіре алмадым,

Сен есіме салмадың,

Жүрегіме қатты батты қоштаса алмай қалғаным...

 

Қайырмасы:

Неге саған жолықтым?!

Неге бәрін ұмыттың?!

Сүйіп өтем мәңгілік,

Бақытты бол сүйіктім!

 

Білесің бе қалай қатты қиналдым ғой сен жоқта?!

Біреу сенің жүрегіңді жаулап алды мен жоқта.

Бірақ қолым байлаулы, алыстасың не істеймін,

Менен кетіп бара жатқан дауысыңды естеймін.

Амал қанша жүре бердім ұмытпайтын шығар деп.

Кім ойлаған сені күткен жан-жүрегім жылар деп.

Күні-түні сенің қайтып келуіңді тіледім.

Сені бірақ мәңгілік күтемін деп жүр едім.

Көз алдымнан кетпей қойды жаным сенің күлуің,

Менің басты бақытым ғой сенің аман жүруің.

Сен алыстап кеткеннен соң сезімің де жоғалып,

Уақыт өте суыды ғой жүректегі жылуың.

Енді жаным өзің ғана жүрегімнің емісің,

Алғаш рет көргеннен-ақ сүйіп қалдым сені шын.

Саған ешкім тең келмейді білесің бе осыны?

Бұл әлемде ең сұлу қыз өзіңсің ғой мен үшін!!!

 

Қайырмасы:

Неге саған жолықтым?!

Неге бәрін ұмыттың?!

Сүйіп өтем мәңгілік,

Бақытты бол сүйіктім!

 

Содан бері мінекей, 3 жыл өтті арада,

Ешкім дауа бола алмады  жүректегі жараға.

Сені қатты сағындым!...

Сені көру арман еді,

Қайтып келдің қалаға.

Қатты сені сағынғанда

Сол бір жерге барып тұрдым,

Сен қасымда болмасаң да

Сырымды айтып далаға.

Менің басты арманым...

Тілегіді қабыл алған

Мың-бір алғыс Аллаға!      

 

Қайда жүрсең аман болшы, бақытыңды тіледім!

Біздер бірге бола алмаймыз, мен де оны білемін.

Не дегенмен мені жақсы білесің сүйіктім,

Сен бақытты болсан ғана, мен бақытты жүремін!

Сені құлай сүйгенім - осы менің  жазығым

Біліп жүрші әрқашанда саған есік ашығын.

Соңғы саған айтарымды сен есіңе сақтап қал,

Сені сүйем, жүрмесек те жүректесің ғашығым…

 

Қайырмасы:

Неге саған жолықтым?!

Неге бәрін ұмыттың?!

Сүйіп өтем мәңгілік,

Бақытты бол сүйіктім!

 

Неге саған жолықтым?!

Неге бәрін ұмыттың?!

Сүйіп өтем мәңгілік,

Бақытты бол сүйіктім!

 


Категория: KHAN | Добавил: KHAN (29.06.2012)
Просмотров: 1799 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 3
3 aigerum  
0
janima bir olen kerek bolip tyr

2 KHAN  
0
коооп рахмееет!!!!

1 Farik  
0
Moya lyubimaya pesnya)))*

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Категории раздела
VJ Syrex [6]
KHAN [12]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0