Среда, 23.07.2025, 22:21
Приветствую Вас Гость
Главная

Регистрация

Вход

RSS

Каталог статей


Главная » Статьи » KHAN

Бақытты Болсаң Болғаны II

Бақытты Болсаң Болғаны II

Орындаушылар: KhAN (D.Ark .Han) & ErA

Darkhan.ucoz.com

 

 

Сені құлай сүйгенім - осы менің  жазығым,

Біліп жүрші әрқашанда саған есік ашығын.

Соңғы саған айтарымды сен есіңе сақтап қал,

Сені сүйем, жүрмесек те жүректесің ғашығым!!!

 

Саған деген сағыныштың сары алқасын тағынып,

Әлі жүрмін ұмыта алмай, сені қатты сағынып.

Сені ұмытам деген оймен өзге жанға қарадым,

Шын мәнінде өзгені емес, тек өзіңді қаладым.

Суретіңді қолыма алып ұйықтаймын жатарда,

Сені ойлаумен қайта оянам таң шуағы атарда.

Күндіз кетпей ойымнан, ал түсімде тымым жоқ,

Жүрсің білем сүйіктіңмен, бақыттысың, мұңың жоқ.

Амал қанша, мен сонда да сені қатты сағындым,

Семен болу мүмкін емес, бәлкім заңы тағдырдың.

Міне бүгін үшінші жыл көшкенің қаламнан,

Үш жыл емес, төрт жыл болды өшкеніме санаңнан.

Қараңғы түн, сағат 11, ілінуде көздерім,

Жүрегімді жылатады сол баяғы сөздерің,

Сүйемін деп, күйемін деп бірге жүрген кездерің,

Ал дәл қазір бақыттысың құшағында өзгенің.

 

Сүйгенім сол... Бақытты бол... Жан жүрегім...

Біздер бірге бола алмаймыз мен де мұны білемін!

Сен бақытты болсаң ғана мен бақытты жүремін!

Сүйгеніңмен қосылғайсың, тек қуаныш тіледім!

 

Мен тағы отырмын аялдама ішінде,

Осы жерге тағы келдім сені көріп түсімде.

Сағынып жүрген шығармын бәлкім мен,

Сырымды бөліске салмадым әркіммен.

Сен жайлы сыр айтып отырмын далада,

Осылай отырғанда сен келдің қалаға.

Бір сәтте шырылдап ұялы телефон,

Хат келді, оқыдым, ол сенен келген соң.

«Білемін сүйіктім, біразға жоғалдым,

Бірақта мінекей қалаға оралдым.

Біз жүрген сол баққа кеп тұрмын, тез жетші,

Мен сені сағындым, өтінем тездетші»

- Осылай айтқанда ұмтыла жүгірдім,

Алыстан қараймын, кетпепсің, үлгірдім,

Барамын ақырын жаныңа жақындап,

Кетпепті сезімің суып, не салқындап.

Өңім бе, түсім бе, жүзіңді көргенім?!

Өзімнің көзіммен көргенге сенбедім,

Бәрі де шын екен түсіме енгенің,

Сені енді жібермейм, жөн болды келгенің.

 

Сүйгенім сол... Бақытты бол... Жан жүрегім...

Біздер бірге бола алмаймыз мен де мұны білемін!

Сен бақытты болсаң ғана мен бақытты жүремін!

Сүйгеніңмен қосылғайсың, тек қуаныш тіледім!

 

Таң ата ояндым, түс екен бәрі де,

Мен сені сағынып жүр екем әлі де.

Өткенді түсімде есіме түсірдім,

Келмеске кетіпсің, осыны түсіндім

 


Категория: KHAN | Добавил: KHAN (29.06.2012)
Просмотров: 1226 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Категории раздела
VJ Syrex [6]
KHAN [12]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0