Трек: «Неге алдадын» Әнін, сөзін жазған: D.Ark.HAN Орындаушылар: KHAN & Era Darkhan.ucoz.com
Қайырмасы: Сені ғана сүйемін деп неге алдадың?! Мен бірақта, түсінбеппін, сезім жалғанын! Жалғыз қалған жүрегімді саған арнадым, Әлі күнге мен өзіңді ұмыта алмадым!
Неге, неге, неге алдадың, саған сеніп мен жүрдім, Маған деген сезімдерің жалған екен, кейін білдім, Сені сүйдім, ал сен болсаң неге мені алдадың? Өзің көріп отырғандай, сені ұмыта алмадым. Әлі күнге жүректесің, бәрі-бәрі есімде, Шын сүймесең, «сүйемін!» - деп айттың маған несіне? Амалсыздан айттың ба әлде, көңілімді түсірмей? Мен жүріппін саған сеніп, жалған сөзді түсінбей. Кейін бірақ мойындадың, бәрі өтірік екенін, Қала берді жаным жылап, сүйе алмасаң қайтемін! Кете бардым жан-тәніммен сүйе тұра өзіңді, Амал бар ма, елемесең, сүйем деген сөзімді. Неге, неге, неге алдап ең, сонымен сен айтпадың? Осы айтқанның барлығы да бастан өткен жайттарым. Жүрегіме жара салып, «сүйемін» - деп алдаған соң, Қаншалықты қиналсам да, бірақ саған қайтпадым! Қайырмасы: Сені ғана сүйемін деп неге алдадың?! Мен бірақта, түсінбеппін, сезім жалғанын! Жалғыз қалған жүрегімді саған арнадым, Әлі күнге мен өзіңді ұмыта алмадым!
Енді жоқсың сен мен үшін, болдың маған жай елес, Бірақ, жаным, сол күндерім, есімнен еш кетер емес, Сені сүйдім, бекер емес деп ойлағам басында, Қателестім, кеше бар ең, бүгін жоқсың қасымда! Өмір деген неткен қызық, кеше сүйем деуші едің, Сонда ойлағам, мәңгі жаныңда боламын мен сенің. Ең алғашқы сезімімді жеткізіп ем ән қылып, Сол бір күні уәде бердің, сүйемін деп мәңгілік. Міне бүгін соның бәрі ертегіге айналды, Сүйем деген, күйем деген сөздің бәрі жай қалды! Оның бәрі неге десең, саған жауап берейін, Уақыт өте, қаншалықты сүйетінің байқалды... Болары болды, бояуы сіңді, жарайды енді құрысын, Мынаны мәңгі есіңде сақта, сен көзімнің нұрысың. Сені ойласам жүрегім жылар, махаббаттың мұңысың, Мәңгі-бақи шырқалатын жүрегімнің жырысың!
Қайырмасы: Сені ғана сүйемін деп неге алдадың?! Мен бірақта, түсінбеппін, сезім жалғанын! Жалғыз қалған жүрегімді саған арнадым, Әлі күнге мен өзіңді ұмыта алмадым!
Сені ғана сүйемін деп неге алдадың?! Мен бірақта, түсінбеппін, сезім жалғанын! Жалғыз қалған жүрегімді саған арнадым, Әлі күнге мен өзіңді ұмыта алмадым!
|