Трек: «Оралмаймын» Әнін, сөзін жазған: D.Ark.HAN Орындаушылар: KHAN & Era Darkhan.ucoz.com Орала алмаймын, оралғым келсе де, Тағдырым тағы бір мүмкіндік берсе де, Жоқ жаным, сен мені бұдан соң күтпегін, Өзің де көрдің ғой бәрі де біткенін, Түскенін нүктенің, сезімдер жолында, Уақыт та, бақыт та тұрмайды орнында, «Қош бол!» - деп айтамын сөзімнің соңында... «Қош бол!» - деп айтамын сөзімнің соңында... Аяулым, қош болшы тек қана айтарым, Мен сендік емеспін... осыны байқадым, Сондықтан қайтпадым, сен мені кешірші, Кешіре алсаң, кешірім сұраймын, Білемін, сеземін, әлі де ұнаймын, Өкініп жылаймын, дей алмайм өткенге, Бәрібір орала алмаймын көктемге... Сен мені жек көрме, сен мені жек көрме... Оралсам өткенге, екеуміз өткерген, Сол күндер туады шуағын төкпеген, Бірімізді біріміз түсіне алмаушы ек, Сондықтан аулақпын, аулақпын өткненен! Осының барлығын кешірек түсіндім, Ешкімге байқатпай тек іштей күрсіндім, Сырымды білсін кім... сақталған ішімде, Дұрысы осы еді екеуміз үшін де. Оралмайм, жүрекке жүрмейді әмірім, Бәріне куә ғой Көктегі Тәңірім! Қайтейін, біздерге жазбаса бақытты, Бекерге жоғалтып жөн болмас уақытты, Оданда жөн болар ұмытқан өткенді, Өткенді-кеткенді, оралмас көктемді, Бір кездері біз бірге болғанбыз, Жоғалтып алғанбыз қолымыз жеткенді...
Қайырмасы: Оралмаймын, жаным саған оралмайм! Жібер мені, енді сендік бола алмайм! Сүйгем сені бір кездері аяулым, Енді сенің жаныңа да жоламайм!
Оралмаймын, жаным саған оралмайм! Жібер мені, енді сендік бола алмайм! Сүйгем сені бір кездері аяулым, Енді сенің жаныңа да жоламайм!
Оралғым келсе де, орала алмаймын, Бекерге күтпеші, мен қайтып бармаймын, Есіме алмаймын, оралмас күндерді, Жұлдызды түндерді, мен берген гүлдерді, Себебі уақыт та басады ілгері... Өтеді жылдарым, өмірде жалғасар, Күндерім, түндерім жылдарға алмасар, Біреулер жол тапса, ал бір адасар... Сондықтан өтінем, қызы бол басқаның, Сол кезде сол жанмен ашылар аспаның, Мен болсам үндемей, жөніме кетейін, Қам жеме, көрсетпейм көзімнің жастарын! Уақыт та сәуледей зымырап өтетін, Көзіңді жұмғанша көрінбей кететін... Мінекей сол сыңды мен де енді жоқ болдым, Тауып ал басқаны бақытты ететін! Ол сені сыйлайды, сүйетін болады, Себебі сағанда көңілі толады, Мен құсап сені ренжітпейді! Қасыңнан ешқашан бір сәтке кетпейді, Қызды да шектейді... сәлемсіз өтпейді, Уаде берсе... бір беткейлі... Ешқашан ол сені мұңды етпейді, Ал менің ондайға батылым жетпейді... Сондықтан жіберші, мен енді кетейін, Тағдырым осылай десе егер не етейін?! Аман бол әутеуір қай жерде жүрсең де, Ештеңе оралмас, мың қайта келсең де, Барлығын білсең де, ескертіп қойғаным, Біз бірге болар ек, сезіммен ойнадың, Айтесе әуелден, сөз салып нем бар ет, Қайтейін, бақытты қылам деп ойладым!!!
Қайырмасы: Оралмаймын, жаным саған оралмайм! Жібер мені, енді сендік бола алмайм! Сүйгем сені бір кездері аяулым, Енді сенің жаныңа да жоламайм!
Оралмаймын, жаным саған оралмайм! Жібер мені, енді сендік бола алмайм! Сүйгем сені бір кездері аяулым, Енді сенің жаныңа да жоламайм!
|