Вторник, 22.07.2025, 19:26
Приветствую Вас Гость
Главная

Регистрация

Вход

RSS

Каталог статей


Главная » Статьи » KHAN

KHAN & Era – Сүйемін
Трек: «Сүйемін»
Әнін, сөзін жазған: D.Ark.HAN
Орындаушылар: KHAN & Era
Darkhan.ucoz.com


Қарауытып, қара аспанды, қара бұлттар басқанда,
Күн күркіреп тұрса дағы, қараудамын аспанға.
Неге деме, сен білесің, бұл сұрақтың жауабын,
Көздің жасы білінбейді тұрсам жаңбыр астында...

Мұның бәрі неге екен, сені сүйгендігім бе?!...
Сол баяғы өткен күндер еске түсті бүгін де.
Мен мұңайдым, сен күлімде, маған назар аударма!
Дақ түскенін байқамай-ақ менің көңіл-күйіме...

Жарайд жаным, ерік бердім, қалауыңды орында,
Мен-ақ азап шегейінші махаббаттың жолында.
Бәлкім сенің ешбір кінәң жоқта шығар, дегенмен...
Екеуміздің тағдырымыз бір Алланың қолында...

Қайырмасы:
Сүйгем сені!
Қинадың мені...
Бір өзің ғана,
Жүректің емі!

Сүйемін, сүйемін сені жаным!
Тек саған арналады әнім!
Аз уақыт ішінде ғана,
Қалайша, ұмыттың бәрін?!

Сүйемін, сүйемін сені жаным!
Тек саған арналады әнім!
Аз уақыт ішінде ғана,
Қалайша, ұмыттың бәрін?!

Қатты сені құшақтайын, жақындашы жаныма,
Күні-түні оралар деп, күтіп жүрмін сағына!
Екеумізді көп қинаған айтышы тағдыр заңы ма?!
Жаным бәрін қайта бастап көрейікші тағыда...

Шынымды айтсам, бірге жүрген сол күндерді сағындым!
Мұңымды айтсам, сен бәрібір бұйырмайтын бағымсың!
Бұйырмайтын бағымсың, ия оны мойындаймын,
Сондықтан да менен өзге бір сүйгенің табылсын.

Уф, жаным... мұның бәрі жай создер ғой, мән берме,
Қайдан бірақ, сен ғашықсың мен жазатын әндерге.
Біз екеуміз сомдап жүрген ертегіміз аяқталған,
Бұдан әрі жалғасат деп ойламағын әлі де.

Назар аудар, қара көкке, аспан шайдай ашылды,
Жылап жатқан, олда жаңа, көздің жасын жасырды.
Өтті жауын, өтті жаңбыр, енді сен де оралма,
Себебі осы жаңбырменен сезімім де басылды...

Қайырмасы:
Сүйгем сені!
Қинадың мені...
Бір өзің ғана,
Жүректің емі!

Сүйемін, сүйемін сені жаным!
Тек саған арналады әнім!
Аз уақыт ішінде ғана,
Қалайша, ұмыттың бәрін?!

Сүйемін, сүйемін сені жаным!
Тек саған арналады әнім!
Аз уақыт ішінде ғана,
Қалайша, ұмыттың бәрін?!
Категория: KHAN | Добавил: KHAN (18.01.2013)
Просмотров: 884 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Категории раздела
VJ Syrex [6]
KHAN [12]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0