Каталог статей
KHAN - Кешір мені
KHAN – «Кешір мені» Darkhan.ucoz.com
Қайырмасы: Кешір мені, кешіре алсаң, Қиналамын сені есіме алсам... Кешір мені, кешіре алсаң, Қиналамын сені есіме алсам...
Кешірші мені, сүйгенім үшін, Мен енді жоқпын осыны түсін. Кешірім сұрап, алдыңда тұрғаным, Жай ғана елес, жай ғана түсің. Бұдан соң жоқпын, көре де алмайсың, Бір-шама жыл өтер, есімде қалғайсың. Екеуміз өткерген, айлы түндер мен Бақытты сәттерді есіңе алғайсың. Ұмытып кетпегін, тым құрса бейнемді, Сүйе де алмадың, өзіңді сүйгенді, Ауыр сөзің мен әр-бір ісіңе, Бейшара жүрегім бәріне үйренді. Жарайды кешірші, мен басқа не дейін, Бақытты боларсың, Инш Аллах, сенейін, Өмірімнің жарығы бола алмай кетсең де, Сонда да мен сені күніме теңеймін.
Қайырмасы: Кешір мені, кешіре алсаң, Қиналамын сені есіме алсам... Кешір мені, кешіре алсаң, Қиналамын сені есіме алсам...
Осы айтқандарым, жадыңда болсын да, Дегенмен бола алмай кеттім-ау досың да, Мұңымды ақтарып, несіне айтайын, Өзіңді сүйгенім, бар кінәм осында. Мен осындаймын, бола алмай өзгеше, Бәріне тырысам қолымнан келгенше. Ақыры екеуміз қосыла алмасақ, Қайтейін, тағдырым жазбаған ендеше. Тоқтап қалмайды, өмір де жалғасар, Сен үшін мен емес, жолымнан адасар. Бастысы, мынаны ешқашан ұмытпа, Ай менен күннің де орыны алмасар... Сол күні қағарсың жүректің есігін, Ол кезде болмайды жүректе есімің. Әзірше болайын бәріне кінәлі, Түбінде келерсің сен сұрап кешірім.
Қайырмасы: Кешір мені, кешіре алсаң, Қиналамын сені есіме алсам... Кешір мені, кешіре алсаң, Қиналамын сені есіме алсам.
Уақыт өте, сен де өтерсің, өмір бойы өкініп, Түбі алдыма бір келерсің, кешірші деп өтініп. Сонда сенің түріңе де қарамаспын мән беріп, Ал әзірше күліп-ойнап, жүре берші бәлденіп. Кетем десем кете алмаймын, әттең сені сағынам, Қолды бірақ сілтер едім, сені әйтпесе не қылам, Менің басты бір арманын, аяғымнан нық тұру, Саған сосын сезімімнің не екенін ұқтыру. Сонда ғана түсінерсің, бұрын кешкен күнімді, Сен неліктен тәніңде емес, бағалайсың түріңді. Әдетіңше түсінерсің бәріне кеш болғанда, Ал әзірше сүйіктім-ау шығармашы үніңді...
Өзіңді құлай сүйіп, тек саған еріксіз ғашық болғаным үшін кешір мені, сенің алдыңда менің бар кінәм осы...
|
Категория: KHAN | Добавил: KHAN (10.11.2012)
|
Просмотров: 1943 | Комментарии: 2
| Рейтинг: 5.0/4 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
Статистика |
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0 |
|