Вторник, 22.07.2025, 02:31
Приветствую Вас Гость
Главная

Регистрация

Вход

RSS

Каталог статей


Главная » Статьи » KHAN

KHAN – Жылама Жүрек
KHAN – «Жылама Жүрек»
Darkhan.ucoz.com

Жылама жүрек, жылама бекер,
Осынша уақыт, сүйгенің жетер!
Мұң мен қуаныш бір келер кетер,
Сондықтан доғар, бұл күндер өтер!

Жылама жүрек, жылама болды,
Өзіңді қинап, сағынба оны!
Өткен күндерің тек мұңға толы,
Осымен бітті махаббат жолы!

Қайырмасы:
Мен жыламаймын, мейлі жүрек жыласын!
Мен мұңайсам да сен бақытты шығарсың!
Жүрегімді тек жылатуға құмарсың,
Бірақ бір күні сен де бәрін ұғарсың!

Жыламашы жан жүрегім, енді ол келмейді қайтып,
Көрдің бе, жай кете салды «Қош бол!» - деген сөзін айтып!
Тым болмаса ойламады, қандай күйге еңгеніңді.
Сондықтан да бүгіннен соң доғар оған сенгеніңді.
Оданда сен ұмыт оны, ең дұрысы осы болар,
Күндердің бір күндерінде, саған да кеп бақыт қонар!
Көз жасыңмен күресе біл, сонда ғана сезім солар,
Болды енді күрсінбеші, жылауыңды кәне доғар!
Жыламашы, жыламашы, жылама дейм жан жүрегім!
Іштей тынып, әлі оны сүйетініңді білемін!
Уақыт емші, маған сенші, жүрек қанша жыласа да,
Ештеңе етпес, әрі қарай сенсіз-ақ өмір сүремін!
Ол бәрібір қарамайды, сенің жылап жатқаныңа...
Ол бәрібір мән бермейді, сенің мұңға батқаныңа...
Ол бәрібір жауап бермейт, сенің жазған хаттарыңа...
Себебі ол бақытты, өзге жанды тапқанына!!!

Қайырмасы:
Мен жыламаймын, мейлі жүрек жыласын!
Мен мұңайсам да сен бақытты шығарсың!
Жүрегімді тек жылатуға құмарсың,
Бірақ бір күні сен де бәрін ұғарсың!

Ол кетсе кетсін, қалауы білсін,
Кімді таңдаса, сонымен жүрсін.
Бәрі де бітті, жүрегім түсін,
Оданда сен күресе біл бір өзің үшін.
Жылама жүрек, жылағаннан өткен күндер оралмайды...
Жылама жүрек, жылағаннан жүректен мұң жоғалмайды...

Мен жыламаймын, мейлі жүрек жыласын!
Мен мұңайсам да сен бақытты шығарсың!
Жүрегімді тек жылатуға құмарсың,
Бірақ бір күні сен де бәрін ұғарсың!
Категория: KHAN | Добавил: KHAN (18.01.2013)
Просмотров: 2223 | Рейтинг: 4.3/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Категории раздела
VJ Syrex [6]
KHAN [12]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0